Атырауда жасөспірімді тепловоз басып кетті

Атырауда 17 жастағы жасөспірімді Ақжайық пен Теңдік станциялары арасында тепловоз басып кетті. Оқиға 6 шілдеде болған, - деп хабарлайды "АқЖайық".

Басылым мәліметінше, колледж студенті теміржолды кесіп өткен, машинист қарқынды баяулата бастаған, бірақ үлгермеген. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қаза тапқан.

Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімі өкілі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының немесе оны пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

Қазір осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.