Атырауда жасөспірімді қатарластары пәтерге шақырып алып ұрып-соққан. Арасында қыз балалар да бар көрінеді. Жәбірленген баланың анасы мұндай қатыгездікті "жылы жаба салуға болмайды, түгел жазалансын" деп отыр. Жүгенсіз кеткен жеткіншектердің бұл әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Атырауда кәмелетке толмаған бір топ ұл-қыз пәтерге жиналып, 14 жастағы ер баланы ұрып-соққан. Сорақысы сол, соққы алған жасөсіпірімді ол жерге шақырған сыныптас қыз бала көрінеді. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқиға 29 мамырда күндіз болған. Олар, шамамаен, үш сағат бойы балаға зәбір көрсеткен. Оқиға пәтерде болғандықтан, ұлым көмек сұрап, не қашуға мүмкіндігі болмаған деп, анасы жылап отыр.
"Менің 14 жастағы ұлымды бір топ жасөсірім жиналып алып ұрған. Бұл көшеде емес, не бір қоғамдық орында емес, пәтеде болған. Сондықтан ол қашып, көмек сұрауға мүмкіндігі болмаған. Мұның соңы не болар еді?! Ойлау қорқынышты. Зәбір көрсеткендердің арасында қыз балалар да бар. Бұл сұмдық қой! Ата-аналары қайда қарап отыр? Тіпті бір топ баланың ішінде біреуі жаны ашымаған", - деді жәбірленуші жасөспірімнің анасы Марина Ли.
Соққы алған баланың ата-анасының айтуынша, бұл пәтерде онға жуық оқушы болған. Арасында сыныптастары да бар болған дейді. Бұл туралы баланың өзі жақ ашпапты. Анасы кешкісін оқиға болған үйдің маңындағы көршілерден естіп дабыл қаққан. Қазір ол көп сөйлемей, мінезі тұйықталып қалған.
"Аямай тепкен, жұдырықтеп, бетінен, кеудесінен соққан. Мұрнын жарақаттаған. Із қалдырмауға тырысқан. Бұл – жылы жаба салатын оқиға емес, қылмыс. Мүны істеген балалар да, ата-аналары да жауапқа тартылуы керек. Баламның мінезі өзгеріп кетті. Оны ұрып-соққанын ойласам, жүрегім ауырады. Арасында 16-17 жастағы жасөсірімдер бар. Барлығы заң алдында жауап берсін", - деді жәбірленуші жасөспірімнің анасы Марина Ли.
Ал полиция қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Атырау қаласының тұрғыны өзінің 14 жастағы баласының соққыға жығылғаны туралы хабарлама берді. Осы құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 15-16 жастағы барлық тұлға заңды өкілдерінің қатысуымен полиция басқармасына жеткізілді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды", - деді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.
Үйде болған он баланың төртеуі — 15-17 жас аралығындағы жасөспірім — №2 мектептің оқушылары, ал алтауы жәбірленген баламен бірге №3 мектептен 8 сыныпты бірге аяқтаған. Анасының айтуынша, арасындағы бір қыз бала ұлының бетінен сегіз рет жұдырықпен ұрған. Мұндай қатыгездікке неге барғаны белгісіз дейді. Жасөспірім бұл топ мұны алдын ала жоспарлап, арнайы чат ашып талқылағанын өзі анықтағанын айтты. Енді ашынған ана жүгенсіз кеткен жеткіншектердің заң алдында жауап беруін талап етіп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!