Атырауда жасөспірім тізгіндеген көлік жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты

Атырауда көлік тізгіндеген жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 қаңтарда сағат 23:30 шамасында Атырау - Дамба тасжолында ВАЗ-2170 көлігі жол апатына ұшырады.

Көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізген, ол 25 жастағы жігіт тізгіндеген Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан ВАЗ-2170 көлігінің жолаушысы, 2009 жылы туған жасөспірім оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тұрғындарға жасөспірімдердің көлік жүргізуіне рұқсат бермеуді және түнде балаларды қадағалап отыруды ескертті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!