Әлеуметтік желілерде Атырауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 18 маусымда түнде болған. Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 18 маусымда сағат 01:30 шамасында қаладағы көпірлердің бірінің тұсында топтасқан адамның төбелескелі жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 жасөспірімді бөлімшеге жеткізген.
"Бөлімшеге жеткізілген 11 жасөспірімге қатысты түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүруіне байланысты хаттама толтырылды. Екі жасөспірімге қатысты ұсақ бұзақылық дерегімен хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды", - деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Соққыға жығылған жасөспірім дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Жасөспірімдер арасындағы кикілжіңге нақты не жағдай себеп болғаны белгісіз.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!