- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда жаппай төбелес...
Атырауда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Кеше Атырауда бір топ адам арасында төбелес шықты. Төбелеске қатысқандардан суық қару тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 15 қаңтарда сағат 05:10 шамасында Атырау қаласы Темірханов көшесі бойындағы мейрамханада адамдар арасында жанжал шыққан. Осылайша, 10 адам полиция бөліміне жеткізілген.
Сондай-ақ, төбелеске бір кәмелетке толмаған жеткіншек пен бір әйел қатысқаны анықталды. Тәртіпбұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова