22 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында республикалық маңызы бар Астрахань-Ақтөбе тас жолының 513-514 шақырым тұсында маркасы Toyota Avalon және ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысып жол апаты орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде маркасы ВАЗ-2114 автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
"Маркасы Toyota Avalon автокөлігінің 1999 жылы туған жүргізушісіне Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-бөлігімен, яғни тас жолдағы көлік жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама жасақтаған. Сондай-ақ, ол бұған дейін ҚР ӘҚБтК 592-бабының 1,3,4-бөлігі, 593-баптың 1,3-бөлігі, 600-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше рет ескерту алған. Алайда, көлік жүргізушісі бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!