- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда жантүршігерлік жол...
Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды
Атырауда жол апатынан 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 мамырда Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Салдарынан Toyota өртеніп кеткен, жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан. Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Тергеп-тексеру басталды.
"Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екені ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды", - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек