Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: видеодан алынған кадр

Атырауда ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты 19 мамырда, сағат 10:30 шамасында Атырау - Индер тас жолындағы Ақжар ауылы ауданында орын алған.

"Атырау-Индер тас жолы, Ақжар ауылы тұсында, маркасы Уаз автокөлігінің 1968 ж.т жүргізушісі солға бұрылу кезінде, қарама-қарсы бағытта жолда келе жатқан 1980 ж.т азаматтың басқаруындағы маркасы Mercedes автокөлігімен соқтығыс жасап, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан маркасы Mercedes автокөлігінің 1954 ж.т жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы