Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды , – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады.
"Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді. Сондай-ақ жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 грамға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!