Атырауда есірткіні жасырын тығып сатумен айналысқан екі күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы сақтаған 2005 жылы және 2006 жылы күдіктілер ұсталыпты. Тексеріс кезінде 2005 жылы туған ер адамнан 1 дана ақ түсті ұнтақ тәріздес зат және 5 дана қара изолентаға оралған, ерекше иісі бар жасыл түсті зип-пакеттер тәркіленген.
Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар 2,84 грамм синтетикалық есірткі және 3,28 грамм марихуана екені анықталды. Сондай-ақ, олардың қала аумағында 23 жерге сату мақсатында жасырын тыққан есірткілері анықталды.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен соталды тергеу басталды. Қазір 2005 жылы туған күдікті қамауға алынған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!