Атырауда есірткі сатпақ болды деген күдікпен Ақтау тұрғыны ұсталды

Атырауда есірткі сатпақ болды деген күдікпен Ақтау тұрғыны ұсталды
Фото: polisia.kz

Атырауда полиция қызметкерлері есірткі заттарын сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 29 жастағы Ақтау тұрғынын анықтады. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалға алған пәтеріне жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 211,84 грамм "Альфа-PVP" есірткі заты салынған 3 zip-пакет пен 40 орама табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан