- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда ескерткіш басып...
Атырауда ескерткіш басып қалған бала көз жұмды: полиция куәгерлерді іздейді
Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалған болатын. Оқиға салдарынан қыз ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Атырау қаласы Авангард-3 шағынауданындағы Жеңіс саябағы ішіндегі ескерткіш құлаған оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"Оқыс оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін 25 маусымда кешкі мезгілде болған қылмыстық құқық ұзушылықты көрген, құлаған ескерткішті көтеруге жәрдемдескен тұлғаларды Атырау қаласы, Абулхайырхан даңғылы, №55 (кабинет №329) мекен-жайында орналасқан тергеу басқармасына жүгінуді немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 ұялы телефондарына хабарласуды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 7 жасар балаға ескерткіш құлап, көз жұмғаны хабарланды. Артынша қала әкімі жағдайға пікір білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова