Атырауда ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Атырауда ер адамнан ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі таратумен айналысқан 41 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында күдіктінің көлігінен 125 грамм есірткі табылды.

Сондай-ақ, жасырған жерінен 81 грамм есірткі тәркіленді.

"Бұл заттар жалпы салмағы 206 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткісі екені анықталды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз