Атырауда ер адам құдыққа құлап кетті

Атырауда ер адам құдыққа құлап кетті
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау қаласындағы А.Құнанбаев көшесінде құдыққа түсіп кеткен ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарушылар шапшаң түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Оқиға орнына жеткен кезде ер азаматтың көше бойында ашық тұрған құдыққа түсіп кеткендігі анықталды. Төтеншеліктер оны арнайы құралдардың көмегімен шығарып алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы