- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда ер адам...
Атырауда ер адам кафе қызметкеріне айтқан сөздері үшін сотты болды
Фото:
pixabay.com
Атырау тұрғыны кафе кассиріне балағат сөздер айтқаны үшін сотталды. Ер адам өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "МГ" мәліметіне сілтеме жасап.
Атырау сотында "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдары мәліметінше, сотталушы биыл 19 қаңтарда Атырау әуежайында болған кезде кафе кассиріне қатысты әдепсіз сөздер айтқан.
Ер адамның кінәсі іс материалдары және бейнежазбамен толық расталған. Сотталушының өзі кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.
Сот шешімі бойынша, ер адам кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан