Атырауда ер адам 9 жастағы баланы соққыға жыққан

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам ойнап жүрген балаларға келіп, 9 жастағы баланы ұрғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға Атырауда болған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы 

Бұл жайт Алмагүл шағынауданында болған. Желідегі жазбаға сүйенсек, ер адам балаға себепсіз шабуыл жасап, зақым келтірген. Осыдан кейін ер адам қашып кеткен. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

Полиция не дейді?

Атырау облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, оқиға куәгерлерінен жауап алынып жатыр. 9 жастағы жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіледі", - деді ведомство өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!