- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда емхананың бас...
Атырауда емхананың бас дәрігері аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Атырауда №4 емхананың директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 қазанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
"Соталды тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда емхана директоры қызметкерлеріне картоп пен шұлық сатуды ұсынғаны хабарланды. №4 қалалық емхананың медицина қызметкерлері директордың қарым-қатынасына шағымданып, видео жариялады. Олар үндеуінде қазіргі басшыны лауазымнан алып тастауды және бухгалтерияны тексеруді талап етті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова