- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда емханалардың бірінің...
Атырауда емханалардың бірінің бас дәрігері 51 миллион теңгені иемденді деген күдікке ілінді
Фото:
"Ақ Жайық"
Атырауда Геолог емханасының бас дәрігері қаржыны талан-таражға салғаны үшін тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Қалалық прокуратураның тексеріс жұмыстары барысында Геолог ықшамаудандағы емхананың бас дәрігері 51 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені анықталған.
"Бас дәрігер іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тергеп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова