- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талан-тараж
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
№3 Атырау емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына аудиторлық іс шара жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 225 347,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.
Кәсіпорын директоры тарапынан қаржының шығысталуына, жүргізілген операциялардың дұрыстығына тиісті қадағалау жүргізілмеуі салдарынан еліміздің Бюджет кодексінің талаптары сақталмай, кәсіпорынның бас есепшісі директормен сеніп тапсырылған электронды цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы кәсіпорынның есепшотынан өзінің жеке кәсібіне 225 347,5 мың теңге қаражат аударған.
Анықталған бұзушылықтарға сәйкес кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу фактісімен кінәлі деп танылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан