Облыстық полиция департаменті Атырау қаласында екі мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы AtyrauPress тілшісі мәлімдеді.
Атырау қаласындағы екі мектепте жарылғыш зат бар деп келген хабарлама бойынша дереу анықтап-тексеру және эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына құзырлы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.
Жүргізілген жедел әрекет нәтижесінде ғимараттан ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті тұлғаны анықтау үшін кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қазір қаладағы барлық мектептердегі қауіпсіздік полицияның жіті бақылауында.
Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни терроризм актiсi туралы көпе-көрiнеу жалған хабарлау дерегі бойынша 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз