Атырауда екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға кеше, 3 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Серуендеп жүрген қос қайық соқтығысқан.
Салдарынан бес ересек адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тағы төрт бала балалар ауруханасына түсті.
Оның ішіндегі 6 жасар бала реанимацияға түсті, жағдайы ауыр. Ал катер жүргізушісі полиция басқармасына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!