- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда екі қайық...
Атырауда екі қайық соқтығысқан: 6 жастағы баланың жағдайы ауыр
Атырауда екі қайықтың соқтығысуы салдарынан болған апаттан кейін 6 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, жарақат алғандардың ішінде төрт бала болған.
"Атырау облыстық ауруханасына үш науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның екеуі амбулаторлы ем қабылдауға үйіне жіберілді. Лор бөлімінде бір адам ем қабылдап жатыр. Облыстық балалар ауруханасына төрт бала көмекке жүгініп, екеуі амбулаторлы ем қабылдап жатыр. 2007 және 2009 жылы туған екі бала түрлі жарақат алған, 2017 жылы туған тағы бір баланың жағдайы ауыр", - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.
Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, соқтығысқан екі қайықтың ішінде барлығы 25 адам болған.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Оқиға кеше, 3 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Серуендеп жүрген қос қайық соқтығысқан.
Салдарынан бес ересек адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тағы төрт бала балалар ауруханасына түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина