Атырауда екі жасар бала терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.
26 қыркүйекте сағат 12:50-де Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданындағы "Модерн сити" тұрғын үй кешенінің 4-қабатынан екі жасар бала терезеден құлап кетті.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
Облыстық ТЖД ақпаратына сүйенсек, бұған дейін Атырауда балалардың терезеден құлап кетуі бойынша 9 оқиға болған. Оның ішінде екі бала қайтыс болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!