Атырауда үй ауласында ойнап жүрген екі баланы көлік қағып кетті. Олар жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 шілдеде болған. Lada Granta көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші үй маңындағы жолдан жүгіріп өтпек болған 5 жасар қызды қағып кеткен. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті.
Тағы бір жол апаты 1 шілдеде болған. 47 жастағы Kia Sorento жүргізушісі автотұрақтан шығып жатқанда 2 жасар баланы қағып кеткен. Бала ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
"Екі жағдай бойынша да соталды тергеу амалдары басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек