Атырауда дүкен ішінде әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Аtpress.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға 19 қазанда таңғы сағат 07:45 шамасында болған.
"Атырау қаласының Өркен шағынауданында орналасқан жеке иеліктегі тұрғын үй ауласындағы дүкен ішінде 1963 жылы туған әйелді қылғындырып өлтірген. Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу басталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Адам өлтірген күдікті әлі ұсталған жоқ. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстау үшін жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, күдікті үйден алтын, әшекей бұйымдарын, ақша мен өзге де заттарды ұрлаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!