- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- діни-экстремистік идеология
Атырауда діни-экстремистік идеологияны насихаттаған күдікті ұсталды
Атырауда діни-экстремистік идеологияны уағыздаушы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырауда "Таблиғи жамағат" діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратты деген күдікпен ер адам ұсталды.
"Бұл қозғалыс Үндістан және Пәкістан елінен шыққан, идеология азаматтық құқықтар мен міндеттерден (отбасын қамтамасыз ету, ата-анаға қамқорлық жасау, балаларды тәрбиелеу, білім алу, тұрақты жұмыс істеу және т.б.) бас тарту арқылы үздіксіз миссионерлік қызметке негізделеді.
Ұйым Қазақстанда экстремистік деп танылып, дәстүрлі моральдық құндылықтарға қатер төндіретін ұйым ретінде сот арқылы тыйым салынған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталған адам мешіттерде діндар жастармен әдейі кездесіп, үйлеріне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында "Таблиғи жамағат" идеологиясын насихаттағаны анықталды.
Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде сот шешімімен тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптар мен электрон материалдар тәркіленді.
44 жастағы күдікті бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.
Сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымды ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу белгілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова