Атырауда деструктив дінді таратқаны үшін 37 адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы деструктив діни ағымды ұстанатын екі мыңнан аса адам оңалтудан өтіп жатқанын мәлімдеді.
"Мамандар осы бағытта тұрақты негізде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізеді", - деді ол.
Басқарма өкілінің айтуынша, заңды бұзғаны үшін, деструктив діни ағым туралы ақпарат таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК 490-бабы бойынша хаттама толтырылады.
Бүгінгі таңда мұндай құқықбұзушылықтар үшін 37 адамға 50 АЕК, яғни 184 600 теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!