- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда дастарханға қымбат...
Атырауда дастарханға қымбат балық қойған мейрамхана иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Атырауда мейрамхана иесі бекіре тұқымдас балықты заңсыз жолмен алып сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетовтің айтуынша, бұл жағдай "Бекіре-2023" балық қорғау акциясы кезінде анықталған.
"Балық қорғау акциясы аясында биыл Атырау облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз жолмен сатқан мейрамхана иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді спикер Әлішер Жармағамбетов.
Еске салайық, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттері "Бекіре" балық қорғау акциясын жүргізді. Нәтижесінде балық аулаудың бекітілген тәртіптерін бұзған 81 адам ұсталды. 2 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды. Табиғи мекендеу ортасына 348 дана бекіре тұқымдас балық, 14 722 ұсақ тұқымдас балық және 7 итбалық жіберілді.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы