Атырауда дәмхана маңында төбелес шыққан: зардап шеккендер бар

Атырауда дәмхана маңындағы төбелестен үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

10 қаңтарда Атырау қаласындағы дәмханалардың бірінің маңында бір топ адам төбелескен. 

"Бейресми ақпарат бойынша төбелес атыраулық жастар мен шекара қызметкерлерінің арасында болған. Әскери қызметкердің бірі аяғынан жарақат алған", - деп жазылған басылым дерегінде. 

Бұл оқиғаны Атырау облысы ПД баспасөз қызметі растаған. 

"Дәмхана маңындағы төбелеске қатысы барлар анықталып, күдіктілер ұсталды. Жарақат алған 3 адам ауруханаға жеткізілген. Қазір қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді ведомство өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!