Атырауда "Дағдарыс орталығында" 16 бала көмек алып жатыр

Атырауда "Дағдарыс орталығында" 16 бала көмек алып жатыр

Қазіргі таңда Атыраудағы "Дағдарыс орталығында" қиын жағдайға душар болған 5 әйел мен 16 балаға көмек көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары Айбаршын Иманғалиеваның айтуынша, жыл басынан бері орталықты 24 әйел мен 63 кішкентай бала паналаған.

"Қазіргі уақытта орталықта 21 адам жатыр. Олардың 16-сы -  балалар. Қиындыққа ұшыраған әйелдер мен олардың балаларына психологиялық, құқықтық, медициналық көмек көрсетіліп жатыр" дейді Айбаршын Иманғалиева.

Мамандардың айтуынша, дағдарыс орталығына көп жағдайда маскүнем күйеулерінен таяқ жеген әйелдер жүгінеді. Тіпті, түн ортасында әйелін бала - шағасымен қосып, үйінен қуып жіберетін еркектер де бар екен.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша күніне орта есеппен 20-25 хабарлама келіп түседі. Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторы полиция аға лейтенанты Айгерім Орақбаеваның айтуынша, жыл басынан бері тұрмыстық құқық бұзушылық бойынша 677 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы