- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда бүлдіршін кәріз...
Атырауда бүлдіршін кәріз шұңқырына түсіп көз жұмды
Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Құрсай ауылдық округіндегі "Чебурашка»" жекеменшік балабақшаларының бірінде болған. Түскі үзіліс кезінде бөбекжай ауласында серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Қазір полиция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Оқиға орнындағы жағдай туралы біз тәрбиешілерден де, құрылтайшылардан да толық ақпарат ала алмай тұрмыз. Қазір тергеп-тексеруге байланысты құзырлы органдардан нақты әрі толық ақпарат алған соң хабарлаймыз. Қайғылы жағдай балабақша ауласында болған. Тексерісті біз өз тарапымыздан тағайындаймыз. Мекеме жекеменшік болған соң, арнайы рұқсатсыз кіре алмаймыз. Тергеп-тексеру біткенге дейін балабақша жұмысын тоқтатады, - дейді Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек