- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда бірнеше тұрғынның...
Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Фото:
polisia.kz
Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан банк қосымшасы арқылы 7 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдіктіні ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан