2024 жылғы 1 тамызда сағат 14:53-те Атырау қаласы Құрманғазы ауылы тұсында 2 бала суға батып кеткені туралы шақырту түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен кезде бір үйдің екі баласы яғни, 2015 жылы туған қыз бала және 2017 жылы туған ұл бала белгісіз жағдайда суға батып кетті.
Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Департаменттің психолог маманы балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Сағат 16:20-да ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен 2017 ж.т. ер баланың денесі табылды. Оқиға орнында құтқарушылардың, ПД қызметкерлерінің және жергілікті тұрғындардың күшімен 2015 ж.т. қыз баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!