Әлеуметтік желіде Атырауда жаңа жылдық бір шыршаға мемлекет бюджетінен 40 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған деген ақпарат тарады. Қала әкімдігі өкілдері осы дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
"Бір шыршаға бар-жоғы 1 миллион теңгеден аса қаражат кетеді. Бұл - шыршаны безендіруге арналған конкурстың ең төменгі бағасы. Сонымен қатар, Атырау қаласының мәслихат депутаттары бірлесе 1, 2-топ мүгедектігі бар және ерекше балаларымызға мерекелік шара ұйымдастырып, көңілашар сыйлықтармен қуантуды ойластырып жатырмыз", - дейді қала басшысының орынбасары Нұржан Ермұханов.
Айта кетейік, Атырау қаласында 18 метрлік бес шырша бой көтермек.
Еске салайық, бұған дейін Павлодардағы бас шыршаның бағасы құзырлы орындардың назарын аударғаны хабарланды. 52 миллион теңгеге шырша сатып алған Павлодар қаласы әкімдігі тағы да шудың астында қалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!