Атырауда бір жыл ішінде екі рет заң бұзған ер адамның қаруы тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPRess.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын-алу, сондай-ақ қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру мақсатында 24-30 шілде күндері "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Атырау қаласының полиция басқармасы № 28 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары және азаматтық қару айналымының қызметкерлері іс-шара барысында қала аумағындағы қыстақтарда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Тексеру кезінде бір жыл ішінде екі мәрте заң бұзушылық жасаған 1982 ж.т. азаматтық қару иесінің қаруы тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қару сақтау және алып жүру рұқсат қағазы үш жыл мерзімде күші жойылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!