Атырауда биыл бес бала суға кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кетті. Оның бесеуі - бала. Құтқарушылар 24 аумаққа бөлініп, жедел-профилактикалық шара жүргізіп жатыр. Биыл қалада шомылу маусымын ашуға тыйым салынды. Себебі тасқын су жағажайларды бүлдіріп, салдарынан кей жерлерде терең шұңқырлар пайда болған.
Қайраңдар тік жарға айналған. Судың деңгейі түскенімен қауіп әлі сейілген жоқ, дейді құтқарушылар.
"Біз қазір Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полияция қызметкерлері бірлесіп, күнделікті рейд жасап жатырмыз. Ережелерді сақтамай, қауіпті орындарға суға түскен адамдарға хаттамалар толтырылуда. Соған қарамастан қайғылы оқиғалар қайталанып, тіркеліп жатыр. Құтқарушыларға, тәртібіне бағынып, сол айтылған тәртіпте қараса, осындай қайғылы оқиғалар тіркелмейді деп ойлаймыз", - деді ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы Әділхан Жұмалиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!