Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 желтоқсан таңғы букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген.
Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде таққан 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды.
Полиция қызметкерлері 25 жасар қала тұрғынын ұстады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз