Атырауда бетін бүркеп әуежайға келген 6 адам жауапкершілікке тартылды

Атырауда бетін бүркеп әуежайға келген 6 адам жауапкершілікке тартылды
Фото: ІІМ

Атырау әуежайында бет-жүзін тұмшалаған 6 жолаушы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайда, яғни қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген алты адамды анықтаған.

Олар Атырау - Ыстамбұл рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.

"Құқық бұзғандар елге оралғаннан кейін заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді ІІМ өкілдері.

Еске салайық, бұл норма "Құқықбұзушылық профилактикасы" туралы заңның 75-бабы 3-тармағында көзделген. Адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киім кию - құқықбұзушылық.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget