Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды astanatv.kz.
№1 Атырау қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің қойма ішінен өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясын, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіш пен 20 дана су есептегішті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткені туралы арызданды.
Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы құны - 5 325 000 теңге.
Қазір 1992 жылғы, 2001 жылғы, 2003 жылғы күдіктілер анықталып ұсталды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3 бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!