Атырауда жеке тұрғын үйді шарпыған өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Химпоселок ықшам ауданындағы көшелердің бірінде жеке тұрғын үйдің шатыры жанды.
"Құтқарушылар 160 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Өртке балалардың отпен ойнауы себеп болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!