Атырау қаласында балабақшадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Б.Соқпақбаев көшесінде орналасқан, балабақша ретінде бейімделген екі қабатты жеке тұрғын үйдің кіреберісінде өрт шыққан.
"Өртсөндірушілер келгенге дейін мекеме қызметкерлері 10 адамды, соның ішінде 8 баланы сыртқа шығарып үлгерді. Өртсөндірушілер 24 шаршы метр алаңда өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!