Атырауда балабақшадан өрт шықты

Атырауда балабақшадан өрт шықты
Фото: ТЖМ

Атырау қаласында балабақшадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Б.Соқпақбаев көшесінде орналасқан, балабақша ретінде бейімделген екі қабатты жеке тұрғын үйдің кіреберісінде өрт шыққан.

ТЖМ баспасөз қызметі

"Өртсөндірушілер келгенге дейін мекеме қызметкерлері 10 адамды, соның ішінде 8 баланы сыртқа шығарып үлгерді. Өртсөндірушілер 24 шаршы метр аумақта өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget