Атырауда балабақша тәрбиешісі балаға қатыгездік танытқан

Атырауда балабақша тәрбиешісі балаға қатыгездік көрсеткені үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тәрбиеші баланы аяқпен ұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға жеке балабақшада болғаны анықталған.

Мекеме басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!