- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда Бақытгүл Хаменованың...
Атырауда Бақытгүл Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Бақытгүл Хаменованың сіңлісі Айнұр Хаменова Facebook-парақшасында айтты.
"Облыстық сотта әділдік үшін күресті жалғастырамыз. Алла жар болсын! Төрелік әділ болсын!", - дейді Айнұр Хаменова.
Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова мен Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін орнату бойынша 145 млн теңге сомасына "мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды" деген күдікке ілінген еді.
Кейін сот үкімімен Бақытгүл Хаменова кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, жазасын өтеу мерзімі 3 жылға кейінге шегерілген еді.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина