Атырауда әйел ірі көлемдегі психотроп затпен ұсталды

Атырауда әйел ірі көлемдегі психотроп затпен ұсталды
Фото: ІІМ

Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроп дәрі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру барысында психотроп заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 28 жастағы әйел ұсталған.

"Көпқабатты үйдің ауласында одан Тропикамид психотроп препаратының 159 құтысы тәркіленді. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget