Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, өзіне-өзі қол жұмсаған

Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, өзіне-өзі қол жұмсаған
Фото: atyrauoil Instagram парақшасы

Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті арналардың бірінде қайғылы оқиға туралы ақпарат пайда болды. Желіде тараған ақпаратта әйелдің жасы 30-да болғаны, ол оқиға орнында көз жұмғаны айтылады.

Полиция пікірі

Атырау облыстық полиция департаментінің Massaget.kz-ке берген жауабына сүйенсек, 1979 жылы туған әйел 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8-қабатынан құлаған.

"Әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда әйел адам жоғары қабаттан құлап, мерт болғаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова