Атырауда автобус жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып өлтірді

Атырауда автобус жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық ПД мәліметінше, қайғылы жағдай 30 тамызда Тасқала ықшамауданындағы Орталық көшеде болған.

Автобус аялдамасының жанында 2015 жылы туған бала жолдан өтпек болып, автобустың астына түсіп қалған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде алған жарақаттарынан көз жұмған.

Қазір оқиға бойынша құжаттар жиналып жатыр.

Полиция тұрғындарды жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өтуге, ал жүргізушілерді аялдама мен тұрғын үй аумақтарында жылдамдықты азайтуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!