Әлеуметтік желіде Атырау тұрғындарының бірі автобус аялдамасының әйнегі сынғанын көрсеткен видео жариялады. Полиция бұзақыны іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Желі қолданушысының айтуынша, әйнекті жасөспірімдер қиратып кеткен. Ал полиция тәртіп бұзғандарды іздестіріп жатқанын хабарлады.
"Жедел басқару орталығындағы бейнежазбаларды тексергенде жесөспірімдер алдымен "Жилгородок" аялдамасының әйнегін қиратып, кейін сағат 19:23-те №2 автобусқа мініп кеткені анықталды. Қазір кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция қызметкерлерімен бірігіп, оларды анықтау үшін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобуста балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!