Аутизм диагнозы қойылған балалар шілдеден бастап шипажайда тегін емделе алады. Жолдаманы алу үшін балаға психиатрдың сараптамасын алу жеткілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облыстық жұмыспен қамутды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, бұған дейін аутизммен ауыратын балалар шипажайға жолдамамен қамтылмаған.
"Сонымен қатар, баланың жанында еріп жүретін ата-анасына мемлекет тарапынан қаржысы төленеді. Қазір облыста қажет қаржы қарастырылып жатыр", - деді Азамат Мәмбетов.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!