Атырауда аутист балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды. Баланың анасы полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған түзеу орталығында орнатылған бақылау камераларынан түсірілген видеоны баланың анасы Instagram-парақшасында жариялады.
Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!